Саки. территория их расселения. хозяйство, общественное устройство и культура
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығына сипаттама
Тарихың атасы Геродот сақтар туралы: "Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді." деп жазған Сақтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар екі, төрт, алты доңғалақты арбаларға екі, үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп қонған. Ер азаматтар ат үстінде, ал əйелдер мен балалар жəне қарт адамдар кйізбен жабылған ат арбада отырған. Сақтар аңшылыққа жəне соғысқа арнап арбалар да жасаған. Олар екі доңғалақты жəне доңғалақтары құрылысының əртүрлі болуымен ерекшеленеді. Соғыс арбаларына көбіне аттар жегілген. Ал жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйрейтін.
Форма вопроса доступна на