Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 02:08:33 by Гость

Аншимен кездесу ангиме курау

Ответ оставил Гость

Мәдениет және өнерқызметкерлерінің күніқарсаңында аудандықбалалар кітапханасындааудандық мәдени-демалысорталығының қызметкері,танымал талант ТимурТапаловпен «Сыр сұхбат»кездесу кеші өтті.«Сыр сұхбатқа» шақырылыпотырған Тимур Тапалов –облыстық, халықаралықконкурстардың жүлделіорын иегері, классикалықтуындылардың шебер орындаушысы, талантын мен деген мықтылармойындаған Тасқала түлегі.Жас оқырмандар әншіге түрлі сұрақтарын қойып, «тірі» дауыста әндерін тыңдады.Қырық бес минуттық шара барысында кеш кейіпкерінің балалық шағына саяхатжасалып, репертуар таңдаудағы талғамы, қызығушылықтары әңгімеге арқау болды.Бақсақ, әншіміз сазсырнайда ойнап, құмай баптайды екен.Кейіпкердің болмысын ашқан, шараның мәнін асырған ұстазы Бәтима Қайырғалиеваболды.– Мен білетін Тимур сезімтал бала. Төменгі класта «Іңкәрім менің» тақырыбындашығарма жаздырған едім. Бұл тақырыпты әркім өзінше тарқатыпты. Сонда Тимуранасы туралы жазған екен. Ананың ақ сүтін ақтауды борыш санайтын бала екен депбір сүйсініп қалдым. Тағы бір шарада Мұқағалидің «Махаббат мұңы» деген өлеңіноқыттым. «Түу, апай,әй! Махаббат деген қасіреті, қасиеті бар сезім екен ғой» деп еді.Осы сөзімен де асқан сезімталдығын, жүрегінің жұмсақтығын аңғартқан еді.Аудандағы шара біткен Тимурсыз өтпейді. Қатысқан байқау, конкурстарынан құр қолқайтпайды. Ұстазы ретінде қуаныштымын. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді, ұстаз біткеносындай мақтаулы шәкірттерімен пұлды. Тимурдың шыққан биігін «менің де биігім»деп танимын. Алдағы уақытта да шәкірттерімнің тек жеңістерін көргім келеді,-дедісөз алған Бәтима Зейнешқызы.Тимур әріптесі Айбек Каховтің гитарада сүйемелдеуімен тамылжыта ән шығарғанкештің көрігін қыздырды.– Біздің балаларымыз өз өлкеміздің таланттарын танымаса да, мұхиттың арғыжағындағы Наоми Кэмпбелл, Мадоналардың өмірбаянын жатқа біледі. Осы тұрғыдаауданымызға аттары танымал адамдармен осындай сыр сұхбаттар өткізіп,таныстыруды жөн деп таптық, -дейді аудандық балалар кітапханасының меңгерушісіЕлена Мусина.Шараға белсенді қатысқан жас оқырман да марапатсыз қалмады. Әншінің қолтаңбасыбар кітап тарту етілді.ОКЖ балалар мен жасөспірімдер әдіскері Гүлнар Мурзекеева бастамашы болған осыбір игі шара алдағы уақытта да өз жалғасын табарына сенеміз.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.