Ақтөбе өңіріндегі өсімдіктер
Қазақстанның флорасында 5700-ге жуық түр бар, оның арасында 1000-ға жуығы [18] сирек кездесетін өсімдіктер. Соңғы-лардың біразы реликті (көне қалдық) өсімдіктер. Реликті өсімдіктер жасыл әлемнің тарихы мен эвлоциясының куәсі. Сондықтан сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау және көбейтуге үлкен мән беріледі. Олар біздің кең байтақ республикамызда да кездеседі. Бетпақдала шөл даласында және Сырдария Қаратаудың сілемдерінде – Шренк тобылғысы (Spireanthus schrenkianus), Іле Алатаудың жапырақты орманында Мүшкетов түйесіңірі (Atraphaxis muscketowii), Шу–Іле тауларында өте көне – Niedzwodzkio comirotohoekia өсімдігі кездеседі. Осы өте сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауға аса мән берілмей келеді. Бұлардың түрінің жоғалуы адамзат үшін орны толмас ағаттық. Өсімдіктерді қорғау жұмыстары, бірінші кезеңде, тізім жасаудан басталады [1]. Қазақстанның ғылыми-зерттеу Ботаника институты және Бас ботаника бағы «Қызыл кітап» [2] баспадан шығарған еңбектерінде 306 өсімдік енгізілген. Бірақ тұқымы, түрі жойылып бара жатырған өсімдіктерді қорғау өз деңгейінде емес. Бұлай дейтініміз, соңғы жылдары қорғалатын өсімдіктердің тағы 100-ден асатын түрлері белгіленіп отыр.
Форма вопроса доступна на