Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 06:27:52 by Гость

Жаңа жыл туралы жұмбақтар

Ответ оставил Гость

Бір ақсақал жылына Бір-ақ рет келеді. Көп қызы мен ұлына Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата) Қыста жерді жауып кетті, Ал көктемде ағып кетті. (Қар) Көкке қарап наздана Қолын созар күнімен. Күз, Қыс, Көктем, Жазда да Өзгермес бір түрінен. (Шырша) Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң, Төріңдемін үйіңнің. (Шырша) Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты. Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз) Қыс түсіп, қар жауса, кілең Дала кезіп тыншымайды. Көрінбейтін саусағымен Бетті аямай шымшылайды. (Аяз) Бет-аузыңнан сүйеді, Ерні суық тиеді. (Аяз) Бір кісінің он екі баласы бар, Іштерінде ақ, сары, қарасы бар. Әр баласы сапарға шыққан сайын, Отыз шақты серігін ала шығар. (Жыл мен он екі ай) Терезеге қонады, Әсем ою ояды. (Қырау) Тікен,тікен тік пістe. Қысы жазы бip түсте (Шырша) Айналып жүріп шыршаны, Барлық адам ән салды. Барлығы да шаттанып, Қай мезгілді қарсы алды? (Қыс) Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. (Қар) Аппақ етіп айналаны, Ақ көбелек айналады.

Толығырақ: https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/jana_jyil_2015/23717/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.