Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 07:35:14 by Гость

Сочинение на тему-бәйшешек

Ответ оставил Гость

Бәйшешек, Запырангүл (лат. Crocus) – құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнекті өсімдіктерЕуразияда,Жерорта теңізінің жағалауларында өсетін 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда ІлеЖетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында,Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Қаратауда өседі. Запырангүлдің Алатау бәйшешегі (C. alatavіcus) және Корольков бәйшешегі (C. korolkovіі) деген түрлері бар. Биіктігі 10 – 30 см-дей. Тамыр түйнектері ұзынша немесе шар тәрізді домалақ болады. Шоғырланып біткен таспа жапырақтарының саны 6 – 9, ұзындығы 10 – 12 см. Сары немесе көкшіл түсті дара гүлінің гүл қоршауы қарапайым күлте жапырақшалардан тұрады. Гүл қоршауының ортасынан ұзындығы 10 см-дей түтік шығады да, гүлі сол түтіктің ұшында жетіледі.Аталығы үшеу, аталық жіптері қысқа болады. Аналығы біреу, ол 3 жеміс жапырағынан тұрады. Жемісі – үш ұялы, көп тұқымды қауашақ. Наурыз – мамыр айларында гүлдейді. Гүлдері түнге қарай және бұлтты күндері жабылып қалады. Оларды аралар немесекөбелектер тозаңдандырады. Запырангүлдер негізінен сәндік өсімдіктер[1].

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.