Полная биография на казахском языке про курмангазы сагырбаева
САҒЫРБАЙҰЫЛ ҚҰРМАНҒАЗЫ
Сағырбайұлы Құрманғазы(1823-1896) – қазақтың ұлы күйші-композиторы. Туып-өскен жері Бөкейхандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі дегенжер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы«Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер. Шыққантегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұртбұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақшапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есіміисі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатайбатыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанныңалдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш,Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып,өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұлкезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған,әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басынакелген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердіңиығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалыныменшарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем»,«Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ»,«Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем,аман бол» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекетісияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп,өнерімен белгі қалдырып отырған. Құрманғазы өмірге ғашық күйші.Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөленеалады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын»,«Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік»,«Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілісияқты. Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет –ол концептуалды күйші. Бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтыңтағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғауҚұрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан»,«Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманныңтарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы.Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес.Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысынаайғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің баршақуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіпжатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес,өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыранкезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанаттыкүйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты ғылымдағы Шоқан сияқты, майдандаласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, заманатауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті.
Форма вопроса доступна на