Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 11:28:58 by Гость

Текст про Семипалатинск на казахском.СРОЧНО!

Ответ оставил Гость

Семей – Шығыс Қазақстан аймағының ең ірі қаласы. Ертіс өзенінің бойында орналасқан әсем қала.1718 жылы әскери бекініс тұрғызылған кезде қала негізі салынды. Алайда, Ертіс суының жырғадан асып ағылуына байланысты 1778 жылы бекініс өзеннен 18 шақырым қашықтықта орналасқан жерге көшірілді. 2008 жылы Семей қаласы өзінің 290 жылдық мерейтойын атап өтті. Қала аумағы 210 шаршы шақырымды құрайды.Семей қаласы - Түрксіб темір жол магистралінің бойында орналасқан ірі жол торабы. Ірі жол торабы Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймағын Ресей елімен байланыстырады. Сондай-ақ, Семейде өзен порты жұмыс істейді. Ал қала аэродромында әскери авиация тұрақтанған.Қала орналасқан жердің қыртысы жазық дала, табиғаты таңғажайып. Жазық дала ауасы таза әрі шипалы. Ертіс өзенінде орналасқан артезиан ұңғымаларындағы таза су бүкіл қаланы таза сумен қамтамасыз етеді. Семей қаласынан 19 шақырым қашықтықта орналасқан қылқан жапырақты орман аясында таза су бұлағы бар. Жергілікті халық бұлақ суының емдік қасиеті бар деседі.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.