Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 12:18:52 by Гость

Суасты әлемінің құпиялары тақырыбында әңгіме қурау

Ответ оставил Гость

Дүние тылсым құпияға толығой. Біз өмір сүрген жерді құпиясы сырын әліішіне бүгіп жатыр. Ал жер шарының қалған екі бөлігін алып жатқан судыңқойнына тыққан сыры біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін. Аңыздардан суданшыққан алып құбыжықтар жайлы, кемелерді құрдымға кетіретін жойқын күштісу жануарлары жайлы көп естіген боларсыз. Мұхиттардың түбін жайлағантіршілік иелерін толық зерттеп болмаған ғалымдар әлі күнге сол саланыңсоңында жүр. Кейбір ғалымдар мұхит түбінен көне өркениет іздерін, суасты пирамидаларын тапқан. Десек те, олардың мүмкіндіктері шектеулі.Мысалы ерттеушілер әлі күнге Бермуд үштағанының сыры мен Атлантиданыңорнын таба алмай жүр. Олар сонымен бірге ескі аңыздарда жиі аты аталатынсу құбыжықтарының бар-жоғын да анықтай алмай отыр.  
Солардың бірі Лох-несс құбыжығы 
Шотландияның шағын көлі Лох-несстен бірінші болып құбыжықты көрген Римлегионерлері болса керек. Судан ойда жоқта шығатын бұл құбыжық талайадамдардың жанын жалмап, біраз қайықтарды жұтқан-мыс. Аңыздың кең таралабастағаны соншалық, ол жайлы ақпарат 1933 жылдары газеттерге де шығабастайды. Содан бастап оның атағы жер-жаһанға жайылып, көпке танымалқұбыжыққа жұрт «Несси» есімін береді. Сол жылдары айналдырған бір айдыңішінде Несси су бетіне 15 мәрте шығып, көпшілік көзіне түседі… Ал 1943жылы бір ұшқыш көл үстінен ұшып бара жатып, айдыннан алып жыланныңсұлбасын көріп суретке түсіріп алады. Құбыжықтың бар-жоғын білгісікелген мамандар көлде дыбыстық зерттеу жұмыстарын да жүргізген. Олар көлтүбінде оңай көтеріліп, ептілікпен жүзетін ауыр денелердің бар екенінанықтаған. Бірақ ғалымдар оның не нәрсе екенін біле алмаса керек. Бірімұны түкке тұрмайтын жасандылық деп түсіндірсе, екіншілері құбыжықтыңбар екенін дәлелдейтін дәйектер келтіріп әлек. Вирджиния университетініңпрофессоры Хенри Бауэр «бұл — ежелгі плезиозаврлардың тірі қалған біртүрі болуы мүмкін» деген болжам айтқан. Осындай адам сенгісізәңгімелерімен көпшіліктің қызығушылығын тудырған құбыжықтың көлін көругеалыс-жақын шетелден арнайы келетіндер саны арта түскен.  
Дәл осылайша таңғажайып аңыздармен аты шыққан көл — Бросно.  

 Бұл көлде төменгі Новгородты бетке алған татар-моңғол әскерініңкүл-талқанын шығарған алып құбыжық мекен еткен-мыс. Бұл жердің адамдарыда кезінде айдын бетінен аузынан от шашқан айдаһарды көрген. Алайда бұлоқиғаларға айдаһардың еш қатысы жоқ екен. Мәселенің мән-жайы кейінбелгілі болды. Аталмыш көл түбінде қысымы өте жоғары газдар жинақталатынкөрінеді. Газ су түбіндегі тербелістер кезінде алапат күшпен көккеатылады. Міне, балықшылардың із-түссіз жоғалуына, шағын қайықтардың сутүбіне кетуіне осы жайттар себепші болған. Ал егер сол уақыттабалықшылар темекі тартып отырған болса, айдын беті бір сәт қызыл отқаоранады. Көл айдаһары жайлы аңыз осыдан шықса керек. Норвегияның Ремшенкөлі де құбыжығы көп айдынның бірі. Бұл көлден де бірталай куәгерлерұзындығы 15 метрге жететін жыландарды, алып айдаһарларды көрген.Ремшенді зерттеген мамандардың құрылғылары да су түбінен шыққан беймәлімдыбысты жазып алған. Алайда құрылғыдағы бұл дыбыстар ғалымдардың нақтышешім қабылдауы үшін жеткіліксіз болып отыр.


Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.