Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 12:51:40 by Гость

Изложение на тему толағай тауы

Ответ оставил Гость

"Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысыТарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткензаманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдаржылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанғанәкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығыайтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттербой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасынданағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды.Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардыңмекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып,адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп,Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығынеске алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатайжайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар таулардытауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бірғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасынасалып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжыпкеле жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенінбіледі. Найзағайойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап,қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынапшулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауызсөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты анаайғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмайкөзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады.Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиетікафедрасының фольклорлық экспедициясы Тарбағатай өңірінен жазып алған. Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.[1]

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.