Чем отличается Мақал от Мәтел???
Мақал — нақыл сөз.Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екітармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарындақорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағысөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қолшығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қараймал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үшақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-біріменкереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз.Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақболып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы,“Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбеккежолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады.Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықтыжеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Форма вопроса доступна на