Нан туралы такпак помогите
Нан туралы тақпақтар1-оқушы: Нан –ардақты адал ас,Кәрі-жас одан аттамас.Нандай жоқ қой асыл дән,Жеп үйреген жасыңнан.Дастарханнан нан кетсе,Береке кетер асыңнан.2-оқушы: Ей, балалар, балалар,Болмаңдар, сірә, нанға тар.Өмірдің алтын арқауы,Бар қасиет нанда бар.3-оқушы: Даланың арынан,Даланың таңынан,Даланың жанынан өседі,Нан – жемісі ол кешегі.Нан-өмір,Жеміспен алып келген кешегі.Нанға пірім деп,Жырым деп табынам.4-оқушы: Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,Нанда адамның еңбегі мен ары бар.Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.5-оқушы: Еліміздің құдіретін асырып тұрғанМенің де,Сенің де,Оның да мерейін үстем қып тұрғанОл - Нан!Хормен:Нанды кім қорлайды,Аштықтан сол сорлайды.- Балалар, нан неден алынады?- Бидайдан- Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер ме? Ендеше сендерді астық тұқымдасына жататын дақылдармен таныстырайын
Форма вопроса доступна на