Маган Камбар батыр жыры керек компктесиниздерши
Жақсылар, дастан айтайын,Әуелі, Алла сыйынып,Екінші, кәміл піріме.Құлақ салып тыңдаған,Жамандық көрме тіріде.Батырлар қылған қайратынҚартаймай тұрып әріде.Ертедегі ерлерденНұсқа болмай соңғығаӨткен емес бәрі де.Ойлағанға осындайОпасыз жеңіл дүние.Теңізден шыққан құрдымдайЖетпеді ешкім түбіне.Қазынаға жинап гауһар тас,Айдаһардай болып мас,Сақтаған алтын ініне.Ашқа — тамақ, жаяуға — ат,Төрт түлік малға көңіл шат,Жарайды екен қысылсаЖұртының қиын күніне.Алты ұлы бар Әзімбай,Қызы сұлу Назымдай,Тоқтады барша тіліне.Ғашықтық жолын ойлаңыз,Бекер деп, ден қоймаңызШығарған сөздің мініне.Қыз Назым шықты бұраңдапОн сегіз толған жасына.Кәмшат бөрік келісіп,Бриллиант қойды басына.Қара мен төре қайғырды,Болса деп бізбен ашына.Қазақ пен қалмақ қанша жанХабарланды сұлудан,Дабысы жұртқа шашыла.Жолбарыстай алты ұлдыңАйбатынан сескеніп,Келе алмады еш бендеӘзімбайдың қасына.Тауыс құстай түрленіп,Қоңыраудай алтын күңреніп,Ертелі-кеш серуенгеШығады майлап шашын да.Жәннеттен шыққан хорлардай,Порымына қарасаң,Қызықпастай қай адамОл Назымның нашына!Сүйегі асыл дүр еді,Құдайдың өзі біледі,—Он төртінші айдай бопТүседі кімнің қасына?Алпыс сомдық әр кезіҮстіне асыл кигізді.Жорғадан жегіп қаракөк,Күймелі арба мінгізді.Көзі түскен бенденіңЖүрегін оттай күйгізді.Ашылған гүлдей нұрланып,Қылығымен сүйгізді.Өз теңінің ішіндеАсырып дәурен сүргізді.Уызында жарығанЕрте туған бағландайТолықсытып жүргізді.«Назымға таңдау қоям,— деп,Бұл хабарды ӘзімбайАлашқа тегіс жүргізді.Он екі жасар балаға: Мал жайып кеткен далағаҚалмасын,— деп,— қатардан»,Бұларға айтып білгізді.Тоғыз қабат торқаданҚамзол киді қынама.Таңдап Назым тимесе,Толқыған көңіл тына ма?Алмаққа әркім талап қып,Сыйынды Жаппар Құдаға.Қазақ пен қалмақ, ноғайлыЕл еді жатқан құрала.Назымның көрмей ақ жүзін,Жанды кісі үйіндеСабыр қылып тұра ма?Ат шаптырып, той қылып,Ашыққанды тойғызып,Жиылды жұрт жамаға.Бір төбенің үстінен,Қыз Назым шықты басынаСалдырып биік мұнара.Назымды малсыз алмаққаШалдар да жаман желіккен,Қартайған адам көп екенКемпірден көңіл зеріккен.Жарасты деп киедіЕлтірі қара бөріктен.Қатындары үйіндеҚайғыланып жылайды: Сұлуды алса байымыз,Айрылдық,— деп,— серіктен».Үміткер болып барша тұр, Сабағынан үзіп ап,Жесем, — деп,— піскен өріктен.Алтын тұғыр үстіндеНазым отыр қонақтап,Ақ тұйғындай еріккен.Қара мен төре таласып,Порымына қарасып,Алдынан өтті көріктен.Қыз Назымның майданыӘр топтың болды базары.Түседі көпке сәулесі,Қағаздай кірсіз ажары.Осынша жұрттың артынанАумады жанға назары.Жердің жүзін шаңдаттыЖиылған қоршап адамы.Қасқа мен жайсаң, бектердіңТаусылды ақыл, амалы.Бәрі де өтті шұбырып,Қалмады жақсы, жаманы.Теңіздің бойы ноғайлыЕл екен өскен жағалы.Жарлыны байға теңгерді,Көңіліне халықтың жел бердіҚыз Назымның заманы.Сұрады сұлу сөз ашып,Ауызынан дүр шашып:«Бар ма екен,— деп,— даладаЖігіттің келмей қалғаны?»Сұлудан үзді күдерінДәмелі болып тұрған көп.Қайтпақшы болды үйіне,Бәрі де бірдей өкпелеп.Он екі баулы өзбектеӘзімбай еді қаракөк —Арылмаған уызы,Сабада пісер қымызы,Арғы атасы асыл тек.Осыншаның біреуінТал бойына көрмейді еп —Қапаланып Назым тұрҚабағын түйіп, қайғы жеп.Біреу айтып білдірді:«Мерекеге келмегенӘлімбайдың баласыҚарақасқа атты Қамбар бек.Ерлікті елден асырған,Айыбы жалғыз — кедей»,— деп.Жауап бермеді қыз НазымЖиылып тұрған кісіге.Қарамады назар сапЕш бенденің түсіне.Қалағаны келмесе,Басқаменен ісі не?Қатты батты қапалықҮлкен менен кішіге.Жұрт әуес болған сұлудыңКөңлі ауды сыртынанЕр Қамбардың күшіне.Алты ағасын, әкесінАқылмен Назым биледі.Қайтарды бәрін адамның,Біреуін таңдап тимеді.Мұнарадан түсті де,Көк жорғаны жектіріп,Келтірді барқыт күймені.Жақсы көрді Қамбарды ,Мақтауын естіп білгелі.Қандай түрлі екенінКөзімен көріп, білмеді.Сұлу да қайтты үйіне,Ер Қамбар болып сүйгені.Жігітінде ӘлімбайЖұрт иесі болған хан.Қол қусырып сыйлады,Ғазиз тұтып барша жан.Ол күнде перзент жоқ еді,Дүние малын жиды сан.. . . . . . . қосылма Жарлылық шығып көңілінен,. . . . . .Қызықта мейірі қанады.. . . . . .«Қасымда адам бар ма?» — депТөңірекке қарады.Арбаға басқан пішендейТұлпарға артып барады.Жағалай қонған кедейдіңАшылған әбден араны.Әлімбайдың баласыКүніне қиын жарады.Алпыс үйлі Арғынның,Тоқсан үйлі ТобырдыңҚабыл болды тобасы,Қайнады майға қазаны.Қарақасқа атқа жем беріп қосылма
Форма вопроса доступна на