Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 20:59:25 by Гость

Сочинение на тему алматы əсем қала

Ответ оставил Гость

Алматы
Асқақ Тянь-Шань тауы жотасының көкжасыл бауырайынан орын тепкен қаланы«қала-бақ» деп атайды. Қала маңының табиғаты да әсем: мен мұңдалаған,алып тау шыңдары, асау өзендер, түрлі жұмбақ үңгірлер, бірегей реликтішоқ тоғайлар, бәрі де қаладан бірнеше шақырымда ғана жатыр.
Бұл жер тарихта Жетісу – «жеті өзен елі» атымен белгілі, қәзірде еліміздің ең бай және көрікті аумақтарының бірі.
Алматы туризмінің ерекше қызықтыратыны, саяхатшы бір күннің ішінде бесклиматтық аймақтың куәсі бола алады – ыстық шөлді жерден бастап,мәңгілік қарға дейінгі жолдан өтеді. Бұл өлкенің көрікті табиғат кешеніәр түрлі туризмнің гүлденуіне мүмкіндік жасайды.
Алматы Қазақстанның табиғаты сұлу тау қойнауында, Орта Азияның климаттықжағдайы ең қолайлы жерлерінің бірінде орналасқан. Тап-таза мөлдір таусуы қалаға, жасыл желектерге нәр беріп, ауаны тазартады.
Бұл туристер үшін де бәрекелі өлке. Мұнда тамашалап көретін, Хан Тәңірішыңы мен Шымбұлақтың қар басқан жолдарынан Ұлы Жібек жолы, Әнші құмдармаршруттарына дейінгі, бірегей жерлер өте көптеп кездеседі.
Қала Евразия құрылығының дәл ортасында, Қазақстанның оңтүстік-шығысында,теңіз деңгейінен 700 ден 1100 м биіктіктегі, Тянь-Шань тауының етегіндеорналасқан. Оның үстінен, биіктігі жағынан Қазбек, Монблан шыңдарынанкем түспейтін, Талғар (5017м), Нұрсултан (4376м), Үлкен Алматы (3684м)шыңдары мен мұңдалап алыстан көрінеді.
Алматының климаты шұғыл континентальды, жыл бойы ғана емес, тәулік бойыда температураның ауытқып отыруы жиі байқалады. Халқының саны — 1 млн.500 мың, жер көлемі — 350 кв.м, экономикалық белсенді халқының саны —763 мың адам.
Алматы көк желекпен көмкерілген. Оның 10 000 гектар аумағын саябақтармен шоқ тоғайлар, гүл бағзалар және бақшалар алады. Орталық көшелері мендаңғылдары, арықтар мен фонтандарды, егіндік пен бақшаларды төмен қарайқұлдырай ағып жатқан, үш тау өзендері – Есентай, Үлкен және Кіші Алматыөзендерімен жарыса, жоғарыдан төменге, оңтүстіктен солтүстікке қарайсозылып жатыр.
Қалаға салқын ылғал ауа әкелетін фонтандар (су бұрқақтар) мен көз қуантар гүл бағзалар ерекше әсемдік береді.
Қала көркі кешке және түнде, түрлі түсті жарқ-жұрқ еткен сары, ақ,қызғылт моншақ-шамдар ұшқындары қатар тізіліп, таңғаларлық сұлу кейіпкеенеді. Витриналар, кафе, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарыныңоттары таң атқанша сөнбейді.
Алматы – Іле Алатауы баурайында алқызыл гүлге бөленген, Орта Азияның еңәсем қалаларының бірі ретінде мойындалған, қала бақ. Алматылықтар өзқаласының әлемдегі ең сұлу қала екендігін мақтан етеді.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.