Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 00:37:59 by Гость

Атврау еки курлыкка ортак кала такрыбына матин курандар.

Ответ оставил Гость

Атырау – Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала. 1991жылға дейін қала Гурьев деп аталды. Кейін Атырауға ауыстырылып, теңізжағасындағы қала Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды. Атырауқаласы Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахань облысыменшектеседі.Атырау қаласында танымал Жайық өзені ағып өтеді. Жайық қаланы Ероупажәне Азия аймақтарына бөледі. Әу бастан, қала Жайық өзенінің жағасындасалынды, кейін 30 шақырымға шегінді.Атырау қаласы салынғаннан кейін балық шаруашылығы мен мұнай өндірусаласы қарқынды дами бастады. Уақыт өте келе бұл салалар қаланың ғанаемес, күллі елдің ірі салаларына айналды. Атырау қаласында республикабойынша тұңғыш рет мұнай тазарту, мұнай өндіруге қажетті құрал-саймандаршығару, балық консервілеу сияқты зауыттар тұрғызылып, іске қосылды.2009 жылы өткізілген халық санағы нәтижесінде Атырау қаласыныңтұрғындарының саны 163 мыңға жеткен. Қалада жеті мешіт, бір православмен үш протестант шіркеулері тұрғызылған.Атырау климаты шұғыл континентальды. Жаз мезгілі өте ыстық, ауа-райытемпературасы +40, +42°C-қа көтерілуі мүкін. Ал қыс мезгілі ызғарлы әрісуық болады. Ауа-райының орташа температурасы - -20, -25°C. Қатты желмен шаңды дауылдар жиі болады.Қалада қоғамдық көліктер жиі қозғалады. Әуежай, авто және темір жолвокзалдары тәулік бойы жұмыс істейді. Атырау әуежайы қаладан бес шақырымжерде орналасқан.Атырау қаласы мәдени-танымдық және білім ордаларынан кенде емес.Мұнайшылар қаласына келген жандар қаланың мәдениет ошақтарын аралайалады. Облыстық тарихи-өлкетану мен Өнер мұражайлары, Драма театры,Мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, филармония жұмыс істейді. Сондай-ақ,музыка, спорт мектептері, Атырау мұнай және газ институты, ХалелДосмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті, Атырауполитехникалық колледжі т.с.с. білім ордалары жас мамандарды оқытады.Қала көшелері кең әрі олардың атаулары ерекше. Атырау көшелерініңатаулары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, Степан, Разин,Емельян Пугачев сынды тарихи тұлғалардың құрметіне қойылған.Атырау қаласының заманауи сәулетінің Қазақстанның өзге қалаларынан ешайырмашылығы жоқ. Қаланың басты көрікті мекені - XIX ғасырда салынғанПравослав шіркеуі. Бұл шіркеу Атырау қаласында тұрғызылған алғашқығимарат. Жайық өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі қаланыңмақтанышына айналған. Бұл көпір Әлемдік Рекордтар кітабына енген.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.