Аватар
Биология, опубликовано 2018-08-22 18:40:08 by Гость

Биолоұия 7сыүып булбул құс туралы ақпарат

Аватар
Ответ оставил Гость

Бұлбұлдар (лат. Luscinia) — торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстарҚазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы СырдарияШуІлеҚаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұлЖайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктерменөрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да бар.

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Биология.