Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 00:55:22 by Гость

Шортан туралы мазмұндама

Аватар
Ответ оставил Гость

Шортан (лат. Esox lucіus) — албырттар отрядының өзі аттас тұқымдасына жататын балық; ірі жыртқыш, шортан тәрізділер отрядының бір тұқымы. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, ұсақ қабыршақтар жапқан, ұзындығы 1,1 м-ге, салмағы 16 кг-ға жетеді, арқа қанаты аналь (құйрықасты) қанатының деңгейінде, басы жалпақ, ұзын жақтарының астыңғысы үстіңгісінен ілгері ұмсынған. Аузы үлкен, онда көптеген тістері бар, тістерінің өткір қырлары артқа қарай иілген, сондықтан оның аузына түскен жемтігі аузынан кері шыға алмайды. Түсі өзі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады, бүйірінде көлденең жолақты ірі қоңыр түсті дақтары болады.[1]

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.