Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 01:44:14 by Гость

Жақсылардың жақсысы Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен. Сонда әкесіне қызы: - Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді. - Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі. Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне: - Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді. - Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі. 16. Кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқа A) Қыз есейіп, бойжеткен атанады. B) Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі. C) Ал кітап оқысаң, білімің артады. D) - Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар. E) - Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. 19. Мәтінде кездесетін адамның жас атауы A) Бала B) Бозбала C) Қыз D) Бойжеткен E) Сәби

Аватар
Ответ оставил Гость

16-с
19-с немесе д.ССебебі алгашында қыз болады,кейін бойжеткен болады

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.