Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 02:41:05 by Гость

Шығарма Жаңбырлы күн

Аватар
Ответ оставил Гость

Бүгін таңертеңнен жаңбыр жауып тұр. Мен шыққанда қайта себелеп тұрды, универге великпен жетіп алдым. 5-10 мин кешігіп келдім, кешіріңіз деп кірсем аудиторияда мұғаліміміз жалғыз отыр:)

Бүгін жаңбырдан ғой деймін елдің бәрі кешігіп жатыр дейді күліп, біраз күте тұрайық деп, отырдық. Сон кеше қатты пысық болып осы кісінің пәні Экологиялық экономика бойынша кітап сұрағам ағылшынша, бастапқы курс деген сияқты нәрсе болсын дегем, әйтеуір бір кітап дайындап қойыпты. Бірақ мен ойлағандай болмай шықты шыны керек, түрімнен көрініп қалды ғой дейм, кешірім сұрағандай ол кісі Тағы басқа жақсырағы болған еді, білмим қайда қалғанын дейді:))) уже екі рет көшіп қай затым қай жерде жатқанын білмим деп мұғалім.

Біздің факультетте қазір жөндеулер жүріп жатыр, жер сілкінісіне төзімді болатындай ғып жасап жатыр ғимаратты.  Жер сілкінісіне ғимарат шыдайды ғой әй бірақ біздің мұғалімдер бәрібір кітаптардың астында қалады ғой деп мұғаліміміз тағы күлдіріп бізді. Қой бұл қара юморым жарамас деп қояды еще:)

Сейсенбі күнін осы кісінің сабағы үшін жақсы көремін. Өте-мөте қызық сабақ, экологиялық әсердің экономикалық пайдасын бағалау. Мұғаліміміз күшті кісі, өзі анда да, мында болған, Америка Канадада біраз уақыт тұрғаны ол бар, ағылшыны жақсы. Экологиялық экономика бойынша Жапония бойынша № 1 маман деп айтса да болатындай маман. Сол арасында өзінің бұрын қатысқан, қазір жасап жатқан жобаларынан мысал келтіріп түсіндіргені қызық. Бүгінгі сабақтың кілт сөзі Rental cow [жалға берілген сиыр] болды:)))) ол не бәле деп бәріміз:))) Ауыл шаруашылығына бұдан былай қолданбаймын деп фермерлер қайтарған жерлер босқа тұрмасын деп, қоршау жасап ішіне сиырларды жібереді екен, босқа жатқанша сол шөпті жесін деп сиыры бар елдерге жалға береді екен. Енді ұзақ уақытқа есте қалады солай емес па деп күледі мұғаліміміз:))

Одан шығып салт-дәстүр сабағы ол енді мүлдем бөлек әңгіме кейін айта жатармын, содаан түстен кейін дипломның алдын-ала қорғауы болды, соған бардым, 4 курстар не бітіріп жатыр екен деп көрейін деген ой ғой. Жалпы біздің факультет шыны керек біртүрлі факультет:)) Environmental studies деп аталып,  ішінде неше түрлі environment (ортаны)-ті қарастырады, адамның қоршаған ортасы дегендей социологиялық тараптан да зерттеулер жасайды, гуманитарлық саланы да қарастырады, өткенде бір жапон досым екеуміз соны айтып күлеміз біздің факультет атынан біраз бөлек негізі заты деп:))

Бүгін сол жапондық досымның предзащитасы болды, оның тақырыбы-“Тайваньдағы көп тілді мемлекет саясатын іске асырудағы мәселелер”, өзі Тайваньда бір жыл оқыған, содан былай қарасаң тақырыбы көбіне социологиялық тараптарды қарастырған.

Бүгін ең ұнаған тақырып-” Мобайл телефонның таралуының адамдар арасындағы коммуникацияға әсері”.  Мобайлдың пайда болуы шыны керек адамдардың өмірін жеңілдетті. Қазір арнайы бір жерге барып керек емес, тапсырыс берсең ап келеді, досыңмен де кездесіп жататын уақыт жоқта телефонмен жағдайын сұрай саласың. Бірақ әсіресе Жапонияда үйден шықпайтын жастар бар,  қоғамға бейімделмеген, мобайлдың таралуы одан сайын осындай мәселелерд ушықтыруына әсері жаман болмай ма? .. дегендей ойлар

Жануарларды қорғауға байланысты тақырып болды, жануар дегенге мен басында арнайы қағаздан оқуым бойынша жабайы аңдар деп түсініп отырсам, үй жануарын айтпақшы екен, тақырыбының атауың дұрыс емес деп ескерту алды бір мұғалімнен ол қыз. Сосын уақытқа байланысты тақырып болды, шыны керек мақсатын аса ұқпадым, жалпы қызығы қызық болды бірақ уақыт былай қарасаң пониятие растяжимое, оны қалай жинақтамақшы хммм, қиын екен тақырыбы.. Одан кейін 4-5 қытайлық студенттер дипломдары бойынша баяндама жасады, арасында бір қыз ғана ұнады. Ұнады болғанда басқаларына қарағанда ничо тақырыбы, Жапониядағы жерасты дүкендері мәдениетін Қытайға тарату мәселесі. Ал бір жігіт вааще не туралы айтып жатқанын ұқпадым, тақырыбын түсінбедім, не по теме бірдемке, ал екіншісінің акценті ужыс екен, тыңдап басымды қатырғым келмеді. Тағы бір қыздыкі ол тақырыбын түсінбедім, жалпы түсінікті өзі де норм сөйлейді жапонша, бірақ бір жапондық ғалым екені, әйтеуір бір тұлға туралы болды тақырыбы, ол кісінің еңбегін оқымаған маған беймәлімдеу болды не айтқысы келгені, соңғы қытай қызды тыңдауға шыдамым жетпеді, көзім ашық бірақ уже сағат кешкі 5 ұйқтап кетіппін:))))

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.