Помогите, пожалуйста. Сочинение Қадыр Мырза Әлі - отаншыл ақын. Срочно нужно до вечера!
Ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995 ж.), Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі Қадыр Мырза-Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған.
1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.
Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балаларға арналған «Балдырған» журналында әдеби қызметкер болып бастаған.
1958-1967 жылдары «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сынбөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары,1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімініңмеңгерушісі, кейін Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі,«Балауса» баспасының редакторы қызметтерін атқарды.
Қ.Мырза-Әлінің алғашқы өлеңі 1954 жылы «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен»)журналында жарияланған. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби-сын, әнөлеңдері мен прозалық кітаптары, сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалышығармаларының бес томдығы, ал 2001 жылы «Қазығұрт» баспасынан 15томдығы жарыққа шықты.
«Жаңғалақтар» (1960), «Кішкене қожанасырлар» (1961), «Данышпан» (1961),«Ноян-қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963), «Сабақ» (1964) аттыкітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды.
Ақын «Көктем» (1959), «Ой орманы» (1965), «Дала дидары» (1966), «Бұлбұлбағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Домбыра» (екі кітап, 1971 және 1974),«Көш» (1973), «Жерұйық» (1976), «Алақан» (1977), «Қорамсақ» (1980,1981), «Қызыл кітап» (1983), «Күміс қоңырау» (1970-1985), «Мәңгі майдан»(1993), «Биік баспалдақ» (1993), «Үкілі үзінділер» (1996), «Ғибратнәмә»(2001), «Алаштың арманы» (2001), «Жазмыш» (2001), «Еңіреп өткенерлер-ай» (2001), «Иірім» (2004), «Шырғалаң» (2004), «Алмас жердеқалмас» (2004) жыр жинақтарында нәзік лирикалық сезімді тереңфилософиялық ой-толғаныстарымен шебер ұштастырған.
Ақынның 200-дей өлеңіне ән жазылып, 1984 жылы «Күндер-ай» деген атпен жеке жинақ болып шықты.
Драматургияда Алдаркөсе туралы «Сақалдың саудасы» атты сатиралықкомедия мен Махамбеттің соңғы күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» аттыдрамасын жазды. Соңғы шығармасы үшін 1997 жылы Махамбет атындағысыйлыққа ие болды. Бірнеше пьесасы республика театрларының репертуарынаеніп, сахнада қойылған.
Ақын өлеңдері ағылшын, француз, неміс, болгар, венгр, фин тілдерінеаударылған. Ал өзі әлем әдебиетінен Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның,Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің,т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.
1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді.
1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын иеленді.
