Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 03:21:34 by Гость

Конерген создерге мысал

Аватар
Ответ оставил Гость

Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндіклексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша:
а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге– кежегесін кейін тарту);
ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді.
Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер менархаизмдер.Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдыққұбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістікқұрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан,барымта, ақ берен, айбалта).Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына,әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздерменауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсібір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ– жасақшы, төре–төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделіктіқолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратынлексика-семантикалық құбылыс.[1][2]

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.