Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 11:18:03 by Гость

Егеменді еркін ел шығарма өтінем жазып беріңдерші

Аватар
Ответ оставил Гость

Міне, бүгін Қазақстан –егеменді еркін ел. Қазақстан-қазақ халқының Отаны, құтты мекені, мерекелі елі, мерейлі жері, мерейлі анасы, қасиетті ордасы.
Тәуелсіздік таңының атқанына 20 жыл болды. Бірлігіміз жарасып, ынтымақты ел болдық. Тәуелсіз елімізге шет елдер қызыға қарайды.
Бізді бақытқа жеткізген ата- бабаларымыздың, ел арыстандарының, аяулы ағаларымыздың жанқияр ерлігі. Сол бабаларымыздан қалған жерімізді көркейту біздің қолымызда.
Біздің бақытымыз бүгінде сенімді қолда, халқымыздың сеніммен сайлап алған президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоғары сенім иесі.
Біз-еркін елдің ұландарымыз. Біз ғылым мен білімді иегеріп, халқымыздың асыл қасиетін үйрене отырып, оның ғасырлар бойы сақтап келе жатқан салт- дәстүрін, тілін, дінін дамытуға міндеттіміз. Бірлік-басты ұранымыз болуы керек.
«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап,»-
деп жырлаған бақытты баласы мен боламын. Менің болашағым-Қазақстан. Қазақстанның болашағы- менмін!

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.