Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 13:16:22 by Гость
Напишите 7 вопросов к любому из предложений. Алакөл – тұзды ағынсыз көл. Ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шегарасында орналасқан. Көлдің оңтүстік-шығыс жағында Жоңғар қақпасы орналасқан. Батыс жағында Көктума ауылы бар, ол қазақ-қытай шегарасынан 80 шақырым жерде жатыр. Шығысында – Қабанбай ауылы. Бұл ауыл дамыған туристік инфрақұрылымымен ерекше, Қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде Барлық-Арасан курорты орын тепкен. Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі – суының минералдарға бай болуында, оның құрамында Менделеев кестесінің элементтерінің көбі кездеседі, құрамы жаңғынан Қара және Өлі теңіздерге ұқсайды. Сондықтан бұл аймақта демалушылар емдік туризммен шұғылданады. Көл жағалаулары тек емдік саяхаттар үшін ғана емес, тыныштықты қалайтын туристерге де көп ұсыныс жасайды. Бұл ретте Алакөл аумағындағы балық аулау мен аңшылық өте танымал. Туризм бұл аймақта 10 шақты жыл дамып келеді, сондықтан көл жағасынан комфортты қонақ үйлер мен демалыс үйлері қызмет көрсетеді. Сонымен қатар Қабанбай мен Көктума ауылдары да демалыс аймағы саналып, туристік қызметтер ұсынып келеді.
Ответ оставил Гость
Алакөл қандай көл?
Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі?
Бұл аймақтағы туризм неше жыл дамып келеді?
Алакөл қай жерде орналасқан?
Бұл аймақта демалушылар немен шұғылданады?
Алакөлдің оңтүстік-шығысында, батысында, шығысында қандай ауылдар орналасқан?
Қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде қандай курортты орын бар?
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.
