Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 14:27:31 by Гость

Помогите сделать сочинение на тему Қысқы шақ

Аватар
Ответ оставил Гость

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тәнқызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндіккіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше.Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерінтамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас.Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді.Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бірбөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толыадамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстықтартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тынышқалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудыңсілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады.Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрікқосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқанАлатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы даасыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектегенбаладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппаққардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көругеасығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышынсүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп.Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толықнегіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып,нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.