"Дала қоңырауы" сочинение Ыбырай Алтынсарин
Адамның бала күннен армандап, аңсары ауған бір саласы, яғни мамандығыболады. Ол өзін соған бағыттап, білім-білігін жұмсайды. Сондаймамандықтың бірі ұстаз болу. Әу баста ниет білдірген жас талаптыңбарлығы дерлік оның тұтқасын ұстап кете алмайды. Оған себепбіріншіден, аяулы да ардақты мамандықтың адам көзін ашудағы қиынтұстарына төтеп бере алмауы болса, екіншіден, аса табандылықтың кемболуы дер едік. Өз басым осы қиындықтарды жеңдім деп ойлаймын. Сөйтіпұстаз болдым. Бұл жолды таңдап, ғұмырымды берген аяулы мамандық иесіболып, зейнетке шыққан маған оған бет бұруыма сөз жоқ, тұңғышағартушы Ыбырай Алтынсариннің ұрпаққа қалдырған тәлім-тәрбиегетолы өсиеттері мен ғибратты мысалдарына сусындауымның әсері молболды десем, жаңсақтық бола қоймас. Оған мен бітірген, мен ғана емесқазақтың менмін деген талай марқасқалары білім алған ұлы ұстаздың өзқолымен тұрғызған білім ошағын қоссаңыз, мұғалім болуымның заңдылықекенін айтпай-ақ түсінесіз. Осы тұрғыда ұлы ағартушы тұрғызғанмектептің түлегі ретінде және сол бабамыздың биыл туғанына 170 жылтолуына орай мектеп тарихы мен тұңғыш дала қоңырауы иесінің мектептерашуы жайындағы аз-кем білгенімді оқырманмен бөліссем деп отырмын
