Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 19:19:03 by Гость
Қыс келбеті өлең помогите
Ответ оставил Гость
Жерді қармен құшақтап,
Келе жатыр қыс аттап.
Қаратайдың басына
Ұялаған құс аппақ.
Қайтқан бұлтты қайта айдап,
Алдына сап отардай.
Қыс келеді айқайлап,
Қой қайтарған шопандай.
Қыс қабағын ашпаған
Бір қария шашы аппақ.
Ағаштарды тастаған
Ақ қыраумен шашақтап.
Бір шал отыр шалжиып,
Ертек соғып ерінбей,
Көктем жатыр әл жиып,
Қар астында көрінбей.
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.
