Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 20:11:38 by Гость

Ұлттық қолөнер туындылары шығарма

Аватар
Ответ оставил Гость

Ата-бабадан қалған көнекөз асыл мұра – қазақтың ұлттық қолөнеріне дегенықылас сонау ғасырлардан бері өз өзектілігін еш жойған емес. Ұлы Жібекжолын бойлай өтіп, айшылық алыс елдерді көшпенділер мәдениетімен,салт-дәстүрімен таныстырып, қазақ даласын әлем жұртына паш етуге үлесқосқан да осы ұлтымыздың қолөнер туындылары десек артық айтпаспыз.Алайда өмір салты өзгере келе, біз төл туындымыздың небір асылынан,небір жаһұтынан айырылып қала жаздағанымыз тағы бар. Әбүйір болғанда елішінен білек сыбана шыққан білікті мамандар, майталман шеберлер ұлттықдәстүріміздің, ұлттық бірегейлігіміздің осынау белгісін жоғалтпай,жоқтатпай, қолдан келгендерін ортаға салуда.

Бүгінде қазақтың дәстүрлі өнеріне ден қойып, қолөнер туындыларын қайтажаңғыртуды өздеріне міндет еткен Қазақстан қолөнершілері одағыныңмүшелері осынау бірегей өнердің қыр-сырын өздері ғана жетік меңгеріпқоймай, келер ұрпаққа да үйретіп, аманат етіп қалдыруды парыз санайды.

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.