Кыс келбети что это такое
Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбденқысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап,жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күніаяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішіндеқүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жасағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да,қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үйсалып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қалаалмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандардакүні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып,бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилібет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретінбаланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.
