Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 21:52:19 by Гость

Жинактык сан есимге олен

Аватар
Ответ оставил Гость

Жеті ұрпақты білмейміз
Әлі күнге көбіміз.
Және бізге беймәлім
Біздің ата-тегіміз.
Ең алдымен сөз етем,
Бірінші ата – өз әкем.
Екіншісі – атамыз,
Үшіншісі – арғы ата,
Төртіншісі – бабамыз,
Бесіншісі – түп ата.
Қалай тыныш жатамыз,
Маған да, ата, бер бата!
Алтыншысы – тек ата,
Жетіншісі – ұлы ата.

Жеті ұрпақты сөз етсек,
Қателікті түзетсек,
Бірінші ұрпақ – ол бала,
Ұрпағыңды қорлама!
Екіншісі – немере,
Үшіншісі – шөбере,
Төртіншісі – шөпшегің,
Бесіншісі – немене,
Алтыншысы – жүрежат,
Жетіншісі – туажат,
Тұқым солай өседі.
Бірін бірі қуалап.
Жеті атаның тілін ал,
Жеті ұрпақты біліп ал!

Авторы;Өтепберген Ақыпбекұлы
Біріншісі - СЕНІ КӨРУ - көз алдымнан күн сайын,
Екіншісі - СЕНІ СЕЗУ - жан-тәніммен түн сайын...
Үшіншісі - СЕНІ ҚОЛДАУ - бар күнәңді кешіру,
Төртіншісі - СЕНІ ҚОРҒАУ - мерейіңді өсіру,
Бесіншісі - СЕНІ ТЫҢДАУ - шын ниетпен, төзіммен,
Алтыншысы - СЕНІ СЫЙЛАУ - шаттық сезіп көзіңнен,
Жетіншісі - СЕНІ СҮЮ - артық көріп Өзімнен...

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.