Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 21:54:55 by Гость

Ақтамақ Қорқытқа қалай көмектесті? Помогите пожалуйста ответить

Аватар
Ответ оставил Гость

Аңыз бойынша, Қорқыттың башпай күйі ең соңғы күйі. Қорқыт кілемін төсеп, дарияның бетінде отырғанда қарындасы -Ақтамақ ағасына тамақ әкеліп тұрған. Күндіз-түні күй тартып әбден әлсіреген Қорқыт ата, қарындасының тамағын ішіп ұйықтап кетіпті. Тамақ салынған дорбамен қайрақ кейпінде ілесіп келген жылан, қобыздың үні шықпай тұрғанда шағып алыпты. Жыланның уы бойына тарап,әлсіреп бара жатқан қобызшы абызға Әзірейіл;
-"Қандай тілегің бар?"-деп сұрапты.
Сонда Қорқыт ата;
- "Менің өмірімде екі күнәм бар. Біріншісі-өлімнен 41 жыл бойына қашқаным. Екіншісі- кілемде Сыр бетінде отырғанымда, алай-дүлей дауыл тұрғанда, қарындасым-Ақтамаққа башпайым тиіп кетіп еді, міне, екінші күнәм сол.Сол себепті мені көмгенде осы екі башпайымды ашық қалдырыңдар",- деп ең соңғы күйі -Башпай күйін тартқан екен деседі.

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.