Қазақ тiлi

Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 06:53:45
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 06:53:45
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 06:53:39
Бал арасы таңның атысы, күннің батысы бір сәт тыным таппады. Гүлден гүлге қонып, шырын тасыды. Өзіне де, өзгеге де жетерлік бал жинады. Саршұнақ егістікке жақындау жерге ертерек көшіп келді. Мекенжайын алдын ала дайындап алды. Күз бойы масақ теріп, інін дәнге толтырды. Тоғайдағы жирен Тиін де қарап жатқан жоқ. Бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, тыным таппады. Ұясына жақын жердегі қуыс-тесіктің бәріне бал қарағайдың жаңғағын үйіп тастады. Ал иесіз Ит түк ойлаған жоқ. Биыл, тіпті, қыс түспейтіндей көрді. Бірақ қар ерте жауды. Енді, міне, құлағы салбырап, қарны ашып, әркімнің босағасына бір қонып жүр. Өлермен күн кешті. Қалғып кетсе болды, тәтті-тәтті түс көреді. Түсінде жайлы, жылы үйде жатады. Өңшең майлы сүйек кеміріп жүреді. Оянып кеткен бойда қатты өкінеді. «Енді осыдан жазға аман-есен жетейін. Сүйектен үй салып алармын-ау, бәлем!» деп, өзіне-өзі серт береді. Бұл - оның жылдағы әдеті. 2. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты анықтаңыз. А) Тиін інін дәнге толтырды. В) Бал арасы гүлден гүлге қонды. С) Иесіз ит қыс түспейтіндей көрді. Д) Саршұнақ егістікке жақын жерге көшіп келді.
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 06:53:37
Переведите плииз Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 06:53:23