Қазақ тiлi
Переведите, пожалуйста, текст на казахский язык: Данное научное исследование написано чтобы определить влияние разных типов медиа (таких как сериалов, фильмов, мультиков, аниме, научной фантастики, интернета и других) на человеческие восприятие, представление о мире и поведение. Мы пытаемся определить, какое влияние оказывает медиа на определенные группы людей (молодые люди, подростки) и как медиа влияет на их будущую жизнь, карьеру, ценности и веру. Данный доклад представляет различные теории о влиянии медиа, основанные на различных опросах, проведенных с 1960 по 1990 (теория ограниченных эффектов, классовая теория и культуралистская теория). Далее роль и влияние масс медиа были проанализированы в главной части. Она определяет позитивные и негативные эффекты на взгляды. Мы пытаемся интерпретировать фандом, его характеристики, фанатскую деятельность, ментальные и социальные эффекты на людей, влияние на культуру. Весь наш материал основан на интернет опросах и исследованиях, которые содержат вопросники и также мы опрашивали молодых людей.
Нужен перевод текста только не с переводчика плиз очень нужноБаянауыл – «Баян» деген сөз – әйгілі, айтулы, мәлім, даңқты, белгілі, тұрақты ұғымын; «аула» деген сөз – орын, аймақ, айнала, мекен-жай, маң, т.б. жер атауларын білдіреді. Климаты тым континенттік (жазы – ыстық, қысы суық). Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор. Жасыбай – Баянауыл ауданындағы табиғаты көркем, тұйық көл. Жағалауында демалыс үйлері, «Баянтау» туристік базасы, оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. Көл суы тері ауруларына ем. Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің алабы жоңғар шапқыншылығы кезінде Жасыбай батыр басқарған қазақ жасақтарының жау бетін қайтарған тарихи жерлердің бірі болған. Көл Жасыбай батыр есімімен аталған. Батырдың Жасыбай жағалауында зираты бар. Сабындыкөл – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» аңызында айтылғандай, ару Баян бірде шомылып жүріп, қолындағы сабынын көлге түсіріп алыпты. Осылай көлдің суы жұмсақ, кір ашатын қасиетке ие болыпты. Содан Сабындыкөл аталыпты.