Қазақ тiлi

Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:21:06
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:21:01
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:20:55
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:20:38
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:20:28
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:20:26
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:20:15
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:20:07
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:20:04
Кто может красиво и литературно перевести текст? Халықтың тұрмыс-салтына , әдет-ғұрпына , шаруашылық жағдайларына , дүниетанымына байланысты тұған өлең жырлар тұрмыс-салт жырлары деп аталады . Тұрмыс-салт жырлары тақырыбы , мақсаты , қолданылуына қарай еңбек және шаруашылық кәсiпке байланысты туған өлең жырлар және әдет-ғұрып , салт-санаға байланысты туған өлең-жырлар болып екi түрге бөлiнедi . Еңбек және шаруашылық кәсiпке байланысты тұған өлең-жырлар төрт түлiк малға , еңбекке , аңшылыққа байланысты туған өлең-жырлар және наурыз жыры болып бөлiнедi . Әдет-ғұрып , салт-санаға байланысты туған өлең-жырлар үйленуге байланысты және адамның әртүрлi қөңiл күйiне байланысты туған өлең-жырлар болып бөлiнедi . Сонымен қатар дiнге байланысты туған өлеңдер де тұрмыс-салт жырларына жатады . Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негiз болған мұң-шер өлеңдерi мен саят жырларынан бастап , халықтың күнделiктi тұрмыс-тiршiлiгiне байланысты , қуаныш пен сүйiнiш-күйiнiштi көрсететiн лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседi . Соның iшiнде наурыз жырлары , төрт түлiк мал туралы өлеңдер ең көне түрлерi болып саналады . Мұндай жырларда ежелгi адамдардың еңбек бөлiнiсi , кәсiбi , түрлi тотемдiк түсiнiктерi табиғаттың жұмбақ сырына үңiлiп , оған табынудан туындаған ұғымдары сипатталады . Түркi халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып , мазмұн , түр , жанр жағынан ұқсас келедi . Мысалы , нәрестенiң дүниеге келуi , үйлену , дүниеден қайту, еңбек мерекесi т.б. дәстүрлi салттар түркi халықтарында өлең-жырсыз өтпейдi . Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгiлi бiр әуенмен орындалады .