Қазақ тiлi

Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 16:55:50
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 16:55:48
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 16:55:46
Переведите пжлст! Сәлем Әлибек! Мен де үйге бүгін келдім. Сенің хатыңды көріп қуанып қалдым. Сен үшін өте қуаныштымын. Мен де биыл жақсы демалдым. Ата-анаммен көп жерге бардым. Соның ішінде маган ерекше ұнаған жер Есік көлі. Одан алған әсерім керемет! Есік көлі таудың ортасында орналасқан. Суы мөлдір,көкпеңбек. Айнала қалың шыршалы биік тау. Ауасы тап-таза. Жаз болған соң, адам да көп болды. Кейбіреулер күндіз келіп,демалып, үйлеріне қайтты. Ал кейбіреулер сонда түнеді . Біз ол жерде екі күн қондық. Иә, досым, біз тауда түнедік ! көл жағасына шатыр кұрдық. Шатыр күндіз күннің ыстығынан қорғаса,түнде таудың суығынан қорғады ! Күні бойы көл жағасында серуендедік орман араладық , тауға шықтық, көлге шомылдық. Әкем екеуміз көл ортасындағы тастан суға сүңгідік. Есік керемет көл екен! Әлибек, мен мынадай ойға келдiм: сұлулығына сөз жетпейтін жер біздің өз жеріміз екен. Сондыктан оны бағалай білейік!
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 16:55:41
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 16:55:26
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 16:55:24
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 16:55:17
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 16:55:14
Сделайте перевод на русский пожалуйста Халықтың тұрмыс-салтына , әдет-ғұрпына , шаруашылық жағдайларына , дүниетанымына байланысты тұған өлең жырлар тұрмыс-салт жырлары деп аталады . Тұрмыс-салт жырлары тақырыбы , мақсаты , қолданылуына қарай еңбек және шаруашылық кәсiпке байланысты туған өлең жырлар және әдет-ғұрып , салт-санаға байланысты туған өлең-жырлар болып екi түрге бөлiнедi . Еңбек және шаруашылық кәсiпке байланысты тұған өлең-жырлар төрт түлiк малға , еңбекке , аңшылыққа байланысты туған өлең-жырлар және наурыз жыры болып бөлiнедi . Әдет-ғұрып , салт-санаға байланысты туған өлең-жырлар үйленуге байланысты және адамның әртүрлi қөңiл күйiне байланысты туған өлең-жырлар болып бөлiнедi . Сонымен қатар дiнге байланысты туған өлеңдер де тұрмыс-салт жырларына жатады . Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негiз болған мұң-шер өлеңдерi мен саят жырларынан бастап , халықтың күнделiктi тұрмыс-тiршiлiгiне байланысты , қуаныш пен сүйiнiш-күйiнiштi көрсететiн лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседi . Соның iшiнде наурыз жырлары , төрт түлiк мал туралы өлеңдер ең көне түрлерi болып саналады . Мұндай жырларда ежелгi адамдардың еңбек бөлiнiсi , кәсiбi , түрлi тотемдiк түсiнiктерi табиғаттың жұмбақ сырына үңiлiп , оған табынудан туындаған ұғымдары сипатталады . Түркi халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып , мазмұн , түр , жанр жағынан ұқсас келедi . Мысалы , нәрестенiң дүниеге келуi , үйлену , дүниеден қайту, еңбек мерекесi т.б. дәстүрлi салттар түркi халықтарында өлең-жырсыз өтпейдi . Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгiлi бiр әуенмен орындалады .