Қазақ тiлi

Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 23:36:11
Перевести на русский и составить план на казахском. Помогите пожалуйста Анамның тілі-айбыным менің “Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі тағдыры емес, ертеңгі де тағдыры” – дейді Бауыржан Момышұлы. Атақты В. А. Сухомлинский бір кезде “төрт құдірет патшалық құрған мектепте ғана мәдениет ту көтере алады” деген еді. Олар: Отан, Адам, Кітап, Ана тілі. Адам сияқты ұлттың да жаны бар. Оның тілі мен жаны табиғи тығыз байланысты. Тілінен айырылған халық міндетті түрде ұлттық қасиетінен айырылады және жоғалады. “Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және негізгі шарты-ұлттық тіл. Дінді айырбастауға болады. Тілді айырбастау мүмкін емес. Дұрысы тілді де айырбастауға болады, бірақ онда ұлтыңнан, ұлттығыңнан айырыласың”, - дейді ақын Қадыр Мырзалиев. Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу оны сыйлаудан басталады-дейді Г. Гегель. “Ана тілім менің, Сен маған ризасың ба білмеймін, бірақ менің тілегім сенсің, сені мақтан етемін”, деп жырлайды дағыстандық ақын Расул Ғамзатов. Өз ана тіліңді қадір тұтпай , ел-жұртыңды сүйе алмайсың – деп қатал талап қояды Паустовский. “Уа, туған тіл… ата-анамның тілі Ең әуелі осы тілмен шешем бесікті тербеген, ұзақ түнге әжем менің хикаялар сөйлеген. Уа, туған тіл, әр уақытта көмегіңмен бір сенің, Сәби күннен сезілетін, шаттығым, қайғым менің”- деп тебіренеді Ғабдолла Тоқай. “Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі” деп кесіп айтады Бауыржан Момышұлы.
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 23:36:09
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 23:36:08
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 23:36:07
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 23:35:58
ПОМОГИТЕ СРОЧНО! ПОЖАЛУЙСТА! Сұрақ № 1 Құрмалас сөйлемді тап A Асқар белгілі мерзімде тұрды B Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен C Жабай жауап қайтара алмады D Ауылдарыңнан не хабар бар? Сұрақ № 2 Дауысты дыбыстардың жасалуы A Өкпедегі ауаның кедергіге ұшырап шығуына B Езудің кейін қарай ашылуынан C Тілдің ілгері қарай созылуынан D Өкпедегі ауаның кедергісіз шығуына Сұрақ № 3 Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз A Затты атап білдіретін мағынасы B Біркелкі дыбысталып айтылатын сөз C Мағынасы басқа сөздер тобы D Сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуы Сұрақ № 4 Мақалдан антонимді табыңыз A Мың досың болса да аз, бір қасың болса да көп B Оқу инемен құдық қазғандай C Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады D Отансыз адам – ормансыз бұлбұл Сұрақ № 5 Қатыстық сын есімді табыңыз A заңғар B ақсары C өнегелі D ап-аласа Сұрақ № 6 Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз A Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді B Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын C Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын D Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды Сұрақ № 7 Қиысуды көрсетіңіз A Арманның көйлегі B Менің бақытым C Шақырылғандар келді D Еңбекті бағалау Сұрақ № 8 Сын есімнің салыстырмалы шырай түрінен жасалған анықтауышты табыңыз A Сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады B Ормандағы шиенің піскен кезі еді C Қандай ақылды әрі сүйкімді бала D Ол - қызметіне шексіз адал жан Сұрақ № 9 Толықтауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз A Адамның жартысы тарады B Жиырма бес қайта айналып келмес C Екіні, онды беске көбейт D Сендер төртеусіңдер Сұрақ № 10 Сапалық сын есімді табыңыз A қайырымды B қорқақ C білгіш D ыстық Сұрақ № 11 Анықтауышы бар сөйлемді көрсет A Асан биыл мектепке барады B Мұрат ақын үндемеді C Қақаған аязда аң аулауға кетті D Аспанда найзағай ойнады Сұрақ № 12 Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз. Мұғалім айтқан кезде ғана, ол жаза бастады A Мезгіл B Қимыл-сын C Мақсат D Қарсылықты Сұрақ № 13 Бағыныңқы сөйлемі «Неліктен?» сұрағына жауап беретін сөйлемнің түрін анықтаңыз. A Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем B Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем C Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем D Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем Сұрақ № 14 «Өйткені, себебі» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз. A Ыңғайлас салалас құрмалас B Қарсылықты сабақтас құрмалас C Қарсылықты салалас құрмалас D Себеп-салдар салалас құрмалас Сұрақ № 15 Біріңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз A Ол біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды B Ол біресе, желеді, біресе, жүгіреді, біресе тоқтайды C Ол, біресе желеді, біресе жүгіреді біресе, тоқтайды D Ол біресе, желеді біресе жүгіреді, біресе тоқтайды
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 23:35:44
Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 23:35:43